Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан 7 адамды құтқарды

0
111
фото: gov.kz

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда жалпы 7 адамды құтқарып, қайтыс болған 80  адамның, оның ішінде 7 баланың денесін үйінді астынан шығарған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Газиантеп қаласына бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда екі учаскеде жүргізілуде.

Құтқарушылардың бір тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылып, 22 қаза тапқан адамның денесі шығарылды.

Қазақстанн ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылар Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде. Көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды – ер адам мен екі әйелді шығаруға мүмкіндік туды. Адамдар дереу медициналық қызметіне жеткізілді. Қайтыс болған 11 адамның денесі шығарылды.

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз