Қазақстандықтар Ресейге баратын мигранттар қатарында екінші орында тұр

0
96
дереккөзден

2018 жылдың қорытындысы бойынша Ресейге баратын мигранттар қатарында Қазақстан екінші орыннан көрінді. Ресейге миграция бойынша көш бастаған – Тәжікстан. Бұл туралы Росстат деректері хабарлайды.

Бұдан бір жыл бұрын Украина көш бастап тұрған еді. Алайда бұл елдің мигранттар саны кенеттен 47,7 адамнан 14,8 адамға дейін қысқарды.

Тәжікстаннан Ресейге 31 мың адам келген, 26 мың адам Қазақстаннан келген.

Росстат 2018 жылы Ресейдің миграциялық халқының өсімі 87 мың адамға қысқарғанын (41,1 пайызға) хабарлайды.

Соңғы 5 жылда Қазақстаннан Ресей азаматтығын алған мигранттар саны екі есеге өскен.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз