Бүгін президентікке үміткерлердің жарыссөздері өтеді

0
80
дереккөзден

Бүгін 29 мамырда сағат 18.00-де Қазақстан президенттігіне үміткерлердің теле-жарыссөздері болады.

Орталық сайлау комиссиясының бекіткен регламентіне сәйкес теле-жарыссөздер мен пікірталастар үш раундқа бөлінген.

Сайлауалды телевизиялық жарыссөздердің бірінші раунды екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде әр үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырады.

Екінші кезеңде сұрақ-жауап болады, пікірталасқа қатысушы өз қарсыласына сұрақ қояды.

Екінші раундтың тақырыбы “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы” деп аталады. Екінші раундтың бірінші кезеңінде аталған тақырып бойынша қатысушылар сөз сөйлеп, ой тарқатады. Екінші кезеңде жүргізуші бар үміткерге ортақ сауал тастайды.

Үшінші раундтың тақырыбы – “Сайлаушыларға сөз”. Соңғы үшінші раундта үміткерлер сайлаушыларға арналған сөздерін айтады.

Орталық сайлау комиссиясы жарыссөздер 80 минуттан аспайды деп топшылауда. Түсірілім “Қазмедиа” орталығының павильонында ұйымдастырылады. Жарыссөзді тізгіндеушілер – тележүргізушілер Ерлан Игисинов пен Қымбат Досжан. Президентікке үміткерлердің жарыссөзін “Хабар” телеарнасы тікелей эфирден береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз