БАӘ Қарулы Күштерімен әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

0
71

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштері арасындағы алғашқы екіжақты штаб келіссөздер өтті.

Келіссөздерге қатысуға бригадалық генерал Хамуд Әли Жума Әлшехидің басшылығымен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері делегациясы келді деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында, ҚР Қорғаныс министрі орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров бригадалық генерал Хамуд Әли Жума Әлшехимен кездесіп, екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті қалыптастыруда осы іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері арасындағы қатынастарды одан әрі дамытудың бағытын анықтайтын екі жақты әскери ынтымақтастықтың алғашқы жоспары жасалды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз