Бағдат Әмреев Ирандағы елші лауазымынан босатылды

0
254
дереккөзден

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасынағы төтенше және өкілетті елшісі болған Бағдат Әмреев қызметінен босатылды.

“Бағдат Құлтайұлы Әміреев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды “, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Б. Әмреев 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Душанбе мемлекеттік университетінің шығыстану факультетінің араб тілі бөлімін бітірген. 1981 – 1996 жылдары Йемен, Ливан мемлекеттерінде тілмаш, кейіннен Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушы, Сыртқы істер министрінің басқарма бастығы, Ирак мемлекетінде тілмаштық қызметтер атқарған. 1996 – 2002 жылдары Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Катар, Бахрейн мемлекеттерінде Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі; 2002 жылдан Қазақстан Республикасының Мысыр (Египет) еліндегі төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет істеді.


Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Әділбек Жақсыбеков және Әсет Исекешев қызметтерінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз