1 ақпанда Қазақстанда халыққа жаппай коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Ресейлік “Sputnik V” вакцинасын денсаулық сақтау вице министрі әрі елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов және денсаулық вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.
Оларға вакцинаны Нұр-Сұлтандағы 6-шы ауруханада салды.
31 қаңтарда Қарағанды фармацевтикалық кешені елге ресейлік “Sputnik V” вакцинасының алғашқы партиясын жеткізген еді.
Ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда — 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозадан жеткізбек.
Министрлік мәліметінше, сәуірден бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасын егу және оны ай сайын 500 мың дозаға дейін ұлғайту жоспарланған.