«Білім-инновация» лицейлері арасында волейболдан республикалық жарыс өтеді

0
12

2017 жылдың 24-25 қарашасында қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей оқушылары арасында Алматы қаласындағы «Білім-инновация»  қыз балалар лицейінде волейболдан республикалық жарыс өтеді.

Аталған спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген «Білім-инновация» лицейлерінің 9-11 сынып оқушылары қатысады. Олар осыған дейін қала және облыстық деңгейде өзара бақ сынап, жоғары дайындықтары нәтижесінде ақтық бәсекеге жолдама алды.

«Білім-инновация» лицейлері арасында дәстүрге айналған бұл жарыс биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлт денсаулығын нығайту, жаны да, тәні де сау ұрпақ тәрбиелеу және оқушылар арасында сыйластық, ұйымшылдық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Еске сала кетейік, республикалық жарыстың жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 25 қараша, сағат 12.00-де Алматы қаласындағы қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінде өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз