Бірыңғай жиынтық төлемін енгізу қажет – Н. Назарбаев

0
65

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1 қыркүйек Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында бірқатар тапсырмалар міндеттеді.

Өз-өзін жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне енгізу қажеттігі маңызды мәселелердің бірі екенін алға тартқан мемлекет басшысы “Өз кірістерінен ешқандай аударымдар жасамайтындар бар, сәйкесінше, олар зейнетақы аударымдары және әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілмей қалады”, -деді. “Осыған орай қажетті заң шаралары жасақталды. Өз-өзін еңбекпен қамтамасыз еткен тұрғындардың тіркелуін жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлемін енгізу ұсынылады. Аталған төлем өз-өзін еңбекпен қамтығандардың медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінде, сондай-ақ зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде болуларына мүмкіндік береді “, – деді мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев қабылданған өзгерістер осы жылдың соңына дейін жүзеге асуы қажеттігін атап өтті. “Бұл әсіресе міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға өтіп жатқан сәтте өте маңызды”, – деді Елбасы.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз