Ауа райының нашарлауына байланысты 11 өңірде республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Дәл сондай төрт учаскеде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс шектелген.

ТЖМ хабарлауынша, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының, Астана қаласының автожолдарында 1 272 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Оның 75-і бала.

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Ұлытау облысының уақытша орналастыру пунктеріне 1 107 адам орналастырылған.

ТЖМ мен оның аумақтық бөлімшелерінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастырып жатыр, «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.

Ауа райының өзгеруі және жолдардың жай-күйі туралы жедел ақпаратты «Дармен» мобайл қолданбасында, төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көруге болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз