Бозымбаевқа салынған сөгіс алынды

0
79
дереккөзден

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз бұйрығымен 2017 жылдың күзінде энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа салған сөгісті алып тастады. Бұл туралы сейсенбі «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мәлімдемеде хабарланады.

«Мемлекет басшысының бұйрығымен ҚР Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа салынған тәртіптік жаза алынып тасталды», – деп келтіреді РИА Новости.

Өткен жылдың қарашасында мемлекет басшысы ҚР энергетика министрі  Қанат Бозымбаевқа сөгіс беру туралы қаулы қабылдады.

Президенттің ресми сайтында жарияланған қаулыда «Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан, жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды», деп хабарланған еді.

10 қазанда энергетика министрі елде 138 мың тонна отын бар екенін және отын жетіспеушіліктің жоқтығын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ 10 қазанда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазастанның отын нарығындағы жағдайдың салдарынан Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауовты қызметінен босатты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз