ҰБТ-да тәртіп бұзушылық үшін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Осы жылы ҰБТ-дан 9 адам шығарылған: олар өздерімен бірге телефон мен шпаргалка алып кірген, мемлекеттік мүліктерге зиян келтірген. Шенеуніктер бұл үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынды.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов аталған түлектердің ҰБТ-дан шығарылу себебін тәртіп бұзушылықпен түсіндірді. «Демек, бұл кез келген ақпаратты жіберу мүмкіндігі жоқтығын білдіреді, қанша дегенмен, жабдықтар тұрақты режимде жұмыс істейді. Шарасыздықтан олар осындай сыни әрекеттерге барған», – дейді Әлімқұлов.
Бұған дейін желіде ҰБТ сұрақтарының суреттері пайда болды. Аталған сұрақтардың тарап кетуін қазір полиция тексеруде. Осы жылы ҰБТ-ны 100 мыңға жуық түлек тапсырды. Олардың 14 мыңы шекті баллға қол жеткізе алмады. Тамызда шекті балл жинай алмаған түлектер қосымша ақы төлеп қайтадан ҰБТ тапсыра алады. Республика бойынша орташа балл – 83. Тек алматылық түлек Шияра Құдайбергенова ғана шекті 140 баллды еншіледі. Алғаш рет осы жылы ҰБТ-ны 28 түлек ағылшын тілінде тапсырды.