Бүгін Астанада Орталық Азиялық басшылар кездеседі

0
63

Бүгін Астанада Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы бас қосуы өтеді. Президенттің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуге Орталық Азия басшыларын Қазақстан президенті шақырған. Бес жақты кездесу Орталық Азия елдерінің бәріне ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында өтуі ерекше мәнге ие, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

АКИpress Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 15 наурызда Орталық Азия басшыларының кездесуіне қатысу үшін Астанаға ұшқанын хабарлады. Бұдан өзге саммит барысында С. Жээнбеков пен Н. Назарбаевтың екіжақты кездесуі жоспарланған. Қырғыз-қазақ қатынастарының негізгі мәселелері талқыланады деп күтілуде, деп хабарлайды АКИpress.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Орталық Азия басшыларының саммитіне қатысу үшін Шавкат Мирзиёевтың Астанаға жеткенін хабарлайды. Ш. Мирзиёев аталған саммитті өткізу туралы бастама көтерген еді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға 14 наурызда мемлекеттік сапармен келді. 14 наурызда Қазақстан президенті Н. Назарбаев пен Тәжікстан президенті Э. Рахмон екіжақты келіссөздер өткізді. Бүгін 15 наурызда қос мемлекет басшысы Астанадағы ҚР тұңғыш президентінің кітапханасына барды.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаметов Кувейтте мемлекеттік сапарда жүр. Бұл туралы Түркіменстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Кувейттен кейін Түркіменстан басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен жол тартады деп хабарланады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз