«БЖЗҚ» АҚ журналистер арасында байқау жариялады

0
274
«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға байқау өткізетіндігін жариялайды. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығында жарияланған немесе эфирге шығарылған қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады.
Байқауға ұсынылған жұмыстар мақала, очерк, сұхбат, репортаж, радио және бейнесюжет, талдамалы бағдарлама жанрында болмақ.
Отандық тілшілер байқауға ұсынатын жұмыстарын 2018 жылдың 31 тамызына дейін  press@enpf.kz электрондық поштасына – материалдың сканерден өткізілген көшірмесін немесе сілтемесін;
 Қордың заңды мекенжайына (Алматы қ. Әуезов көшесі, 82) – материалдың түпнұсқасын немесе көшірмесін (оның ішінде материал электрондық тасымалдауыш: диск немесе флеш-жинақтауышта болуы мүмкін) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге жіберу қажет. 
Байқау қорытындысы 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін шығарылып, Қордың www.enpf.kz ресми сайтында жарияланады. Қазылар алқасы «Үздік журналистік материал» санаты бойынша мемлекеттік тілде үш жеңімпазды және орыс тілінде үш жеңімпазды анықтайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз