Дариға Назарбаева сөз бостандығы жайлы: Рейтингінің бәріне сене беруге болмайды

0
110

Қазақстан парламентінің сенат депутаты Дариға Назарбаева  «сөз бостандығына баға беретін түрлі рейтингілерге күмәнмен қарайтынын» жеткізді. 

Сенат депутаты өзінен Қазақстанда сөз бостандығының неліктен төмендеп бара жатқандығын сұраған БАҚ өкіліне сауалмен жауап қайырып,

“Сөз бостандығы жоқ деп санайсыз ба? Қаласаңыз, бәрін ұрысып, сынай беріңіз. Біздегі әлеуметтік желіде барлығы ашық жазылуда. Мен сіздің қандай рейтингті айтып тұрғаныңызды білмеймін. Сондай-ақ рейтингтерге көп сене беруге болмайды. Себебі, оны кім және қалай құрастыратынына байланысты. Сондықтан мен рейтинг қуатындарға сыни көзбен қараймын”, деп жауап қатты.

Сөз барысында Назарбаева әлемдік және Қазақстандағы жаңалықтарды үзбек оқып отыратындығын, жағымсыз жаңалықтарды да қалт жібермейтінін айтты.

“Жаңалықтарды қарап отырамын. Оларды қалай оқымайсың? Біз болған жағдайға пікір білдіруіміз қажет қой. Пікірлерді оқимын, қоғамның реакциясына да қараймын. Егер әділетсіздік көрсек, оған әрқашан да араласамыз. бірақ оны ашық түрде жарияламаймыз” деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз