«Бүгінгі форум – сандық күн тәртібін іске асыруда маңызды қадам»

0
145
дереккөзден

Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы басталды. Форум қатысушыларына мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың сөзін Үкімет басшысы Б. Сағынтаев оқып берді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, әлем жылдам және күрделі технологиялық өзгерістер дәуіріне енуде. Тиімді цифрландыру ұлттық экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторы болып табылады.

Мемлекет басшысының мәлімдемесіне сәйкес, әлемнің жетекші елдері мен бірлестіктері, атап айтқанда G20 мен Еуропалық Одақ цифрландыру бойынша өздерінің стратегиялық құжаттарын қабылдады.

«Біздің Еуразиялық Экономикалық Одақ 2025 жылға дейін сандық күн тәртібін қабылдады»,

– деп атап өтеді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының мәлімдемесіне сәйкес, бүгінгі форум бұл күн тәртібін іске асыруда маңызды қадам болып табылады.

Атап өтерлігі,«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен өтуде. Форум барысында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланады.Форум жұмысына ЕЭО-ға мүше мемлекеттер премьерлары қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз