Ең арзан жанармай – Венесуэлада

0
84
РИА Новости

Bloomberg агенттігі жаһанда АИ-95 маркалы жанармайдың ең арзан және ең қымбат сатылатын елдер тізімінің рейтингін жариялады.

Bloomberg нұсқасына сәйкес, ең арзан жанармай Венесуэлада, мұнда жанармайдың литрі 0,01 доллардан кем. Екінші орында – Иран, мұнда жанармай құны 0,28 доллар көлемінде, ал үшінші орында – Кувейт, мұнда жанармай литріне 0,35 долларға бағаланған.

Ең арзан жанармайы бар елдер ондығына: Нигерия (0,41 доллар), Мысыр (0,43 доллар), Сауд Арабиясы (0,54 доллар), Малайзия (0,54 доллар), Индонезия (0,67 доллар), БАӘ (0,68 доллар) және Ресей (0,72 доллар) енген.

Рейтингке сәйкес ең қымбат жанармай – Гонконгта (2,09 доллар), Норвегия (2,02 доллар) және Голландияда (1,93 доллар). Қымбат жанармайлы елдер ондығына сондай-ақ, Грекия (1,91 доллар), Италия (1,91 доллар), Дания (1,90 доллар), Израиль (1,86 доллар), Португалия (1,83 доллар), Финляндия (1,79 доллар) және Франция (1,78 доллар) енді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз