Екі қызметкерінен вирус табылған “Қазмедиа орталығы” карантинге жабылды

0
82
"Қазмедиа орталығы" ғимараты.

Екі қызметкерінен коронавирус анықталған “Қазмедиа орталығы” қатаң карантин режиміне көшті. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева түсініктеме берді.

“Телеарна басшылығының бастамасы бойынша жүргізілген тесттің қорытындысы оң болып шықты. Қазір “Еуразия+ОРТ” ЖШС орналасқан “Қазмедиа орталығы” ғимаратында жұмыс эпидемияға қарсы қатаң режимге ауыстырылды. Коронавирус жұққандармен араласқан адамдар анықталып жатыр. Олармен жақын араласқан адамдар 14 күнге үй карантиніне жіберіледі” деп жазды Балаева Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, ғимаратта жұмыс істеген барлық қызметкер коронавирусқа тест тапсырады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, “Қазмедиа орталығы” ғимаратында төтенше жағдай кезінде және қазір шамамен 500 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін “Еуразия ” бірінші арнасының екі тілшісінен коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз