Елбасы Словения Республикасының бұрынғы президентімен кездесті

0
47

Мемлекет басшысы Словения Республикасының бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Данило Тюркке Астана клубының отырысына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

Д.Тюрк Қазақстан Президентіне елімізге тағы бір мәрте келуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, оның Астанаға жасаған өткен сапарлары барысындағы өзара іс-қимыл нәтижелері жемісті болғанын атап өтті.

Словения Республикасының бұрынғы Президенті Астана процесі аясында өтіп жатқан Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің маңыздылығын айтып, Қазақстанның халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына белсенді атсалысқанына назар аударды.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз