Астана әуежайында мас жолаушы “ұшақта бомба бар” деп айқалаған

0
202
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық әуежайда мас жолаушы “ұшақта бомба бар” деп айқалаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 тамыз сағат 10.00-де Нұр-сұлтан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы терминалының стерильді аймағында “TURKISH AIRLINES” әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан – Анталья әуе рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы жолаушы мас күйінде бірнеше рет айналасындағыларға “ұшақта бомба” деп айқайлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Әуежайдың борты мен стерильді аймағына дереу тексеру жүргізілген. Тексеру барысында қандай да бір жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылмаған.

“Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз