Грекия жағалауында босқындар мінген қайық суға кетті

0
185
дереккөзден

Босқындар мінген қайық Эгей теңізіндегі Агатонисион аралында суға батып, салдарынан 15 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Грек құтқарушы қызметі шағын көлемді қайыққа мінген 22 босқынның үшеуін ғана өлімнен арашалай алды. Тағы төрт босқын іс-түссіз жоғалғандардың қатарында. Айта кетейік, қаза болғандардың бесеуі – балалар.

Жүз мыңдаған босқын Түркиядан Грекияға қысқа әрі қауіпті бағыттағы Эгей теңізін бойлап шекара асуды қалайды. Дегенмен босқындардың көпшілігі дерлік аса қауіпті жол таңдағандарын білмей тәуекелге барады. Заңсыз тасымалдаушылар көбінесе қайықты толтырып жібереді, сол себептен олар діттеген жерге жетпей батып кетеді.

Грекияның көші-қон жөніндегі министрі Димитрис Витсас: «Эгей теңізіне балалардың батып көз жұматынына жол бере алмаймыз. Заңсыз әрекеттер мен жазықсыз адамдардың өлім-жітімі болмас үшін босқындарға арналған қауіпсіздік шаралары мен жолдарын енгізу керек», – деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз