Жоғарғы сот Кеңесінде жаңа төраға

0
143
Талғат Донақов

Талғат Донаков ҚР Жоғарғы соты Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды kazaknews.kz президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Хабарламада «Донақов Талғат Советбекұлы ҚР Жоғарғы Соты Кеңесінің төрағасы болып тағайындалсын, ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары қызметінен босатылсын», – деп мәлімделеді.

Ақорда таратқан ақпарға сәйкес, Анатолий Смолин ҚР Жоғарғы Соты Кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Талғат Донақов 2016 жылы қыркүйекте Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалған еді.


Т. Донақов 1965 жылы дүниеге келген. 2015 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР мемлекеттік қызмет істері министрі болды. Заңгер-құқықтанушы, заң ғылымдарының кандидаты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз