Kaspi.kz инвесторына “алаяқтық” айыбы тағылды

0
102
Америкалық кәсіпкер, қазақстандық Kaspi.kz банкінің инвесторы Майкл Калви.

Ресей тергеу комитеті “Бэринг Восток” инвестициялық қорының негізін қалаған америкалық кәсіпкер, қазақстандық Kaspi.kz банкінің инвесторы Майкл Калвиге “аса ірі көлемде алаяқтық жасады” деген айып тақты. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Клеточкинге сілтеме жасап Азаттық xабарлады.

Оның сөзінше, Калви адвокатына қорғау позициясын құру үшін түсінік беруден бас тартқан. “Тағылған айып бұлыңғыр, нақты емес” деді ол. Тергеу дерегі бойынша, Калви “Восточный” банкінен 2,5 миллиард рубль (шамамен 380 мың доллар) жымқыру үшін алаяқтық сxемасын құрған.

Калви өзіне тағылған айыпты жалған деп, мұны “Восточный” банкі директорлар кеңесінің мүшесі Шерзод Юсупов пен банк акционері Артем Аветисян және өзінің арасындағы “корпоративтік дау” деп атаған.

Майкл Калвидің қамалғаны 15 ақпанда белгілі болды. Тергеушілер кәсіпкерді “Восточный” банкінен 2,5 миллиард рубль ұрлау үшін алаяқтық схема құрды күдікпен ұстаған. Іс осы банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шерзод Юсуповтың арызы бойынша қозғалған. Калви 13 сәуірге дейін уақытша қамау изоляторына жіберілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз