Куәгерлер Бейжіңдегі АҚШ елшілігінде жарылыс болғандығын хабарлады

0
98
Reuters

Бейжіңдегі АҚШ елшілігінде жарылыс орын алғандығы туралы куәгерлер хабарлайды. Оқиға орнына полиция келіп жеткен.

Ассошиэйтед пресс агенттігі куәгерлердің Twitter парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлағандай, жарылыс бейсенбі күні Бейжіңдегі АҚШ елшілігінде болған, суреттерден түтін аңғарылады.

Полиция көліктері Бейжіңнің солтүстік-шығыс аумағындағы ауданды қоршап алған.

Reuters таратқан ақпарға сәйкес, ҚХР полициясы үстіне жанармай құйып, өзін жағып жібермек болған әйелді тұтқындаған. Куәгерлер болса, жарылыс дауысын естігендерін, дүмпу сезінгендерін айтады. Олардың сөзінше, елшілікке сегіз полиция көлігі келіп жеткен.

Өз кезегінде, Global Times басылымы жарылыстың болғандығына қатысты нақты ресми ақпардың жоқтығын хабарлайды. Көршілес үнді және оңтүстік кореялық елшілік қызметкерлері оқиғаға қатысты ақпараттардан хабарсыз екендерін жеткізген. АҚШ елшілігі оқиғаға қатысты жедел пікір білдірмеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз