Кувейт Түркістан облысындағы 100 отбасыны етпен қамтамасыз етті

0
103
дереккөзден

Кувейт Ислам қайырымдылық ұйымы Түркістан облысы Төлеби ауданындағы 100 мұқтаж отбасыны Құрбан айт мерекесіне орай құрбан малының етімен қамтамасыз етті.

Otyrar.kz таратқан ақпарға сәйкес, бұл жолы 20 мал құрбандыққа шалынған, құрбан малының еті теңдей бөлініп, отбасыларға жеткізілген.

Құрбан айт мұсылмандар үшін атаулы қасиетті мереке. Аталған мейрам Ораза аяқталғаннан кейінгі 70-ші күні қатарынан 3 күн аталып өтеді. Осы жылы Құрбан айты Қазақстанда 21 тамызда басталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз