Мәмин “Бәйтерек” ұлттық басқарма холдингі” басқарма төрағасы болды

0
75

ҚР премьер-министрі Асқар Мәмин “Бәйтерек” ұлттық басқарма холдингі” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды. Бұл туралы KASE хабарлайды.

Холдинг таратқан ақпарға сәйкес, директорлар кеңесінің төрағасы болған экс-премьер Бақытжан Сағынтаев директорлар кеңесінен шығарылды. Сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшесі болған Тимур Сүлейменов пен Ерболат Досаев та мүшеліктен шығарылған.

А. Мамин директорлар кеңесінің төрағасы болса, жаңа ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр директорлар кеңесіне мүшелікке енді.

Қазіргі уақытта “Бәйтерек” ұлттық басқарма холдингі” АҚ тоғыз адамнан тұрады: Мәмин, Смаилов, Жамаубаев, Қасымбек, Даленов, Скляр, Арифханов, Клаус, Томас Миров, Филипп Йео.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз