Мәжіліс Қазақстан мен Үндістан арасындағы салыққа қатысты заң жобасын мақұлдады

0
47
ҚР Парламенті Мәжілісі

20 желтоқсан Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Отырыста Қазақстан мен Үндістан Үкіметтері арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы мақұлданды.

Заң жобасы туралы Палата Төрағасы бүгін Үндістанмен қаралып жатқан Конвенция 20 жылдан аса уақыттан бері қолданыста екеніне назар аудара келіп, осындай келісімдердің тиімділігін талдап, оларды уақытылы жаңарту қажеттілігіне көңіл бөлді, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі. Жалпы хаттама салықтық қатынастардың салыстырмалы тұрақтылығына кепілдік береді және кірістерге қосарланған салық салуды болғызбайды. Бұл екі мемлекет арасындағы анағұрлым тығыз экономикалық байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік бермек.

Осы ретте, депутаттар Қазақстан мен Ирландия Үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасын қолдады.
Конвенцияның мақсаты – инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан мен Ирландия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз