Н. Нығматулин ТүркПА Бас хатшысын қабылдады

0
35

27 желтоқсан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамажүсіповті қабылдады.

А. Мамажүсіповті жаңа лауазымен құттықтай отырып, Мәжіліс спикері Қазақстан парламентшілері ТүркПА аясында ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріп отырғанын атап өтті,деп хабарлайды ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Н.Нығматулиннің айтуынша, осы бағыттағы бірлескен жұмыс түркітілдес мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға қосар маңызды үлес болып саналады.

Мәжіліс төрағасы бұдан өзге Қырғызстанның ТүркПА-ға төрағалық етуінде түркітілдес елдер парламенттері арасындағы қарқынды өзара іс-қимыл жалғасатынына сенім білдірді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз