Нұр-Сұлтанда кезекті Сирия келіссөздері: түйін не?

0
80
Сирия үкіметі делегациясының басшысы Башар Жаффари/ KAZAKNEWS.KZ

25 сәуір бейсенбіде Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша Астана процесінің кезекті он екінші раунды басталып, 26 сәуірде түйінделді.

Ресей Федерациясы делегациясы/KAZAKNEWS.KZ

Қазақстан астанасына алғашқы болып Ресей президентінің арнайы өкілі Лаврентьев бастаған РФ делегациясы табан тіреді.

Иран Ислам Республикасы делегациясы/ KAZAKNEWS.KZ
Түркия Республикасы делегациясы/KAZAKNEWS.KZ

Иран Ислам Республикасы делегациясын саяси істер бойынша Иран сыртқы істер министрінің көмекшісі Әли Асғар Хаджи бастаса, Түркияны сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Үнал бастады.

БҰҰ Сирия бойынша арнайы өкілі Гейер Педерсен/KAZAKNEWS.KZ

Атап өтерлігі, келіссөздерге алғаш рет БҰҰ Бас хатшысының жаңа орынбасары Гейр Педерсен қатысты.

Кезекті келіссөздер тізігіні – Женевада

KAZAKNEWS.KZ

Сирия дағдарысын шешу бойынша кепілгер елдер – Иран,Ресей,Түркия 12-ші раунд бойынша қорытынды декларацияда кезекті келіссөздер раундын БҰҰ-мен бірлесіп Сирия конституциялық комитетінің құрылуымен Женевада өткізетіндерін хабарлайды.

“Кепілгер елдер конституциялық комитеттің жедел құрылуы мақсатында үш жақты, сондай-ақ БҰҰ Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсеннің қатысуымен келіссөздер өткізді. Дәл осындай кезекті келіссөздерді Женевада өткізу туралы шешім қабылданды”, – деп мәлімдеді Астана процесі 12 раундының кепілгер елдерінің қорытынды декларациясын оқыған ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді.

Кепілгер елдер лаңкестік топтарды жоюға келісті

Кепілгер елдер (Иран,Түркия,Ресей) Идлиб деэскалация аймағында тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша міндеттерін жүйелі атқаруға келісті. Тараптар сондай-ақ ДАИШ*, “Джебхат ан-Нусра”* сынды т.б ДАИШ* және “Әл-Қайдамен”* тығыз байланысты тыйым салынған лаңкестік топтарды жою бойынша әріптестікті жалғастыра беретіндерін алға тартты.

Дамаск Түркияны айыптады

Башар Жаффари/KAZAKNEWS.KZ

Ресей, Иран және Түркия Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдай бойынша өзара келіссөздерді жалғастыра беретіндерін мәлім етті. Бұл аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің топырақ бүтіндігіне құрмет негізінде ғана жүзеге асатындығы алға тартылды. Дегенмен, БҰҰ Сирия бойынша өкілі және Сирия үкіметі делегациясының жетекшісі Башар Жафари Түркияны Сирия бойынша Нұр-Сұлтанда бұған дейін өткен келіссөздерде жүктелген өз міндетін атқармай отыр деп айыптады. Бұған дейінгі раундтарда да түрік тарабына келіссөздер қорытындысы бойынша артылған міндеттер атқарылмай келе жатқаны туралы айып Сирия үкіметі тарапынан тағылған еді.

Сирия оппозиция өкілдері/KAZAKNEWS.KZ

Иран мен Ливан Астана процесіне қосылуы мүмкін

Ирак пен Ливан Сирия бойынша Астана процесіне қосылуға шақыртылады. М.Тілеуберді кепілгер елдер Астана процесіне қатысушы тараптарды көбейтуді көздейтіндерін алға тартып, “Сирияға көршілес мемлекеттер Ирак және Ливан Астана процесіне қосылады”, – деп мәлімдеді.


KAZAKNEWS.KZ
KAZAKNEWS.KZ

25 сәуір Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша Астана процесінің 12-ші раунды жабық форматта өтті. Келіссөздер аясында екі жақты және үш жақты жабық келіссөздерге кепілгер елдер Иран, Ресей, Түркиямен қоса Сирия билігі және оппозиция өкілдері қатысты. Сирия Араб Республикасындағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Нұр-Сұлтанда Сирия дағдарысын шешу бойынша бұған дейін 11 келіссөз өткен еді.

KAZAKNEWS.KZ

“ДАИШ”*, “Әл-Қайда*”, “Джебхат ан Нусра”* – ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік топтар.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз