Нұр-Сұлтанда жол апатынан 5 адам қаза тапты

0
194
Photo: Astana_Sergek

Өткен тәулік сағат 00:34-терде Нұр-Сұлтанда көлік апатынан 5 адам мерт болды. Бұл туралы қаланың полиция департаменті хабарлады.

“19 жастағы Toyota Camry жүргізушісі Есіл өзені бойындағы Сарайшық көшесіне қарай өтетін көпірде қатты жылдамдықпен рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып Nexıa Ravon көлігімен соғысқан”,- делінген полиция таратқан ақпаратта.

Көлік жүргізушілері және үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырған. Бір жолаушы ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз