Назарбаев мәжіліске сот жүйесін жаңғырту бойынша заң жобаларын енгізді

0
110
дереккөзден

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобаларын енгізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға, сот жүйесін жаңғыртуға, сот кадрларын жаңартуға және Жоғары Сот Кеңесін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған түзетулерді қамтиды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз