Назарбаев әуежайының коды өзгерді

0
224

Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының коды TSE-ден NQZ болып өзгерді. Бұл туралы 7 сәуірде Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Халықаралық әуе транспорты қауымдастығы (IATA) 6 сәуірде комитетке Нұр-Сұлтан әуежайының коды өзгергені туралы хабарлама жіберген.

Комитеттің мәліметінші, жаңа код 2020 жылдың 8 маусымынан бастап қолданысқа енеді.

“Әуе билеттерін брондау жүйелерінде, билеттерде, багаж жапсырмаларында, ақпарат таблоларында NQZ коды қолданылады” деп хабарлады комитет.

TSE колы қала атауы Целиноград болып тұрғанда берілген. Қазақстан үкіметі 2017 жылы маусымда Астана әуежайы атауын сол кездегі Қазақстан президентінің құрметіне “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” деп өзгерткен. Осыдан кейін билік әуежай кодын өзгерту бойынша келіссөз басталғанын да хабарлаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз