Апта басындағы жаңа тағайындаулар

0
120

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімі бойынша ағымдағы жылдың жетінші аптасында ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев Алматы қаласының прокуроры, Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Бас прокурордың 2018 жылдың 12 ақпанындағы бұйрығымен Ақтөбе облыстық прокурорының орынбасары қызметіне Ғалымжан Ниязбекұлы Тілеубаев пен Асқар Жейенайұлы Албытов, Ақтөбе облысы прокуроры қызметіне -Рүстем Нәсіпқалиұлы Салкенов тағайындалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қос прокурорлар 2016 жылдан бастап облыс прокуроры лауазымына Президенттік резервте тұрған.

Б.Қ. Жүйріктаев 1978 жылы туған. Прокуратура органдарында 1999 жылдан бастап еңбек етеді. Алматы қаласы және Алматы облысы прокуратураларында түрлі қызметте, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарған. 2010-2013 жылдар аралығында Алматы қаласы прокурорының орынбасары және Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2013 жылдың қазан айынан – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға, прокурорлық қадағалауды жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін Елбасының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Қ.Ә. Әбдіханов 1972 жылы туған. Прокуратура органдарында 1996 жылдан бастап қызмет етеді. Жамбыл ауданы және Алматы облысы Талдықорған қаласы прокуратураларына басшылық етті.

2009 жылдан бастап 2017 жалға дейін Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары прокурорларының орынбасары болып қызмет атқарды.

2017 жылдың шілде айынан – Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары.

Ғ.Н. Тлеубаев, А.Ж. Албытов және Р.Н.Салкеновтің прокуратура органдарындағы жұмыс тәжірибелері мол, 10 жылдан астам Орталық аппаратта қызмет етіп, прокуратура органдарының бірінші санаттағы кадрлық резервінде тұрған.

Жаңадан тағайындалған прокурорлардың барлығы бос лауазымдарға, соның ішінде Бас прокуратураның жылдық алқа отырысының қорытындысы бойынша босатылған лауазымдарға тағайындалды.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз