Қостанайда кеншілер жаппай тамақтан уланды

0
74
с источника

Қостанай облысындағы “Қазақстан алюминийі” АҚ-ға тиесілі кеніште жұмыскерлер жаппай тамақтан уланды.

ERG компаниясы баспасөз қызметінің таратқан ақпарына сәйкес, тамақпен уланды деген күдікпен емханаға Красногорск боксит кеніші Краснооктябрь боксит кеніші басқармасының 25 жұмыскері жеткізілген.

“Қазақстан алюминийі” АҚ 25 қызметкері Лисаковсктағы емханаға тамақтан уланды деген күдікпен жеткізілді. Кенішке қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жөнелтілді, олар қажетті сынамаларды алды”, – деп хабарланады.

Краснооктябрь боксит кеніші басқармасы еңбек қорғау ұйымы қызметі мамандары мен басшылары жағдайды бақылауда ұстап отырғандары хабарланады.

Кеніштің барлық асханаларындағы ас мәзірінен тауық еті мен жұмыртқасы алынып тасталды. Қайнамаған су ішуге тыйым салынады. Кеніш қызметкерлері бөтелкедегі және қайнаған сумен қамтамасыз етілген, деп хабарланады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз