Павлодар облысында Баянауыл паркі өртеніп жатыр

0
676
Photo: el.kz

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркі аумағындағы далада өрт жалғасып жатыр. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлаған.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлуынша, өртті сөндіруге 100 шақты адам, оннан астам техника жұмылдырылған.

Баянауыл облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, даладағы өртті сөндіруге жексенбі күні Өскеменнен “Қазавиаорманкүзет” кәсіпорнының МИ-8 тікұшағы жеткен. Дүйсенбі күні тағы бір тікұшақ келуі тиіс. Бұған қоса Павлодар қаласынан өрт шыққан ауданға қосымша төрт техника жіберілген.

22 қыркүйекте күндіз Баянауыл ұлттық паркінің аумағындағы 2,5 гектарға жуық орманды алқапта қураған ағаш пен шөп өртенген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз