Пойыз жолсерігінен 125 пышақ тәркіленді

0
302

28 қаңтар күні Ақтөбелік шекарашылар «Ташкент – Мәскеу» бағытындағы пойыздан қапқа салынған пышақтар тапты. Бұл туралы ҚҚ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жайсаң-теміржол» тексеріс пунктінде Ақтөбе шекара жасағының наряды «Ташкент – Мәскеу» бағытындағы № 005 жолаушылар пойызын тексерген. Жұмыс барысында вагондардың бірінен қолданылған төсек жабдықтары салынған қаптың ішінен 125 пышақ табылды. Пышақтар Қытайда жасалған.

«Пышақ жолсеріктер бөлмесінен табылғандықтан, сол вагонның жолсерігі, 51 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталып, Жайсаң бекетінің желілік полиция бөлімшесіне тапсырылды», – делінген таратылған хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз