Ресейден Қазақстанға 81 тонна қауіпті банан кіргізілмек болған

0
143
Photo: NGS

Ресейден Қазақстанға 81 тонна қауіпті банан кіргізілмек болған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Көрші Ресей елінен фитосанитариялық сертификаттары болмаған 81 тонна банан, 37 тонна картоп және 20 тонна сәбіз өнімдері, сондай-ақ қаптамасында таңбасы болмаған 3 тонна бидай тұқымдары кіргізілмек болған. Өсімдік карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдерді Қазақстан аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Тауар Ресей Федерациясына кері қайтарылып,  кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

2020 жылдың алғашқы аптасында Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей аумағына қаупі жоғары өнімдерді заңсыз алып кірудің 8 жағдайын анықтаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз