Семейде төтенше жағдай

0
187
Қазақпарат

Семейде аумақтық сипатта төтенше жағдай жарияланды. Әлі де су басу қаупі сақталуда. Жүздеген үйді су алған, қауіпті аймақтардан 295 адам эвакуацияланды. Тұрғындар болса, екі қонақ үйге жайғастырылған.

Семей қаласының әкімі Ермек Сәлімов күрделі жағдайдың әлі қалпында екенін хабарлады. Әкімнің сөзінше, Үкіметте аумақтық сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданған. «Қазақпарат» таратқан ақпарға сәйкес, Шүлбі су электростанциясынан судың апатты жағдайда ағып кетуі салдарынан Ертіс өзенінің деңгейі 506 сантиметрге дейін көтерілген (450 сантиметрден бастап су деңгейінің көтерілуі қауіпті болып саналады). Басшылық уәде еткендей, арнайы комиссия табиғи апаттан болған жалпы шығын көлемін есептейді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз