Си Цзиньпин Абайдың қара сөзінен үзінді келтірді

0
90
дереккөзден

Қытай Халық Республикасының Төрағасы қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абайдың шығармашылығымен таныстығын қазақстандық делегациямен кездесу барысында білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен жүздескенде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдеген бейнежазбасы ҚР Президентінің Телерадиокешенінің ресми парақшасында жарияланды. Сондай-ақ, Си Цзиньпин Абай Құнанбайұлының 37 «қара сөзінен» мысал келтіргендігі де хабарланады.

Абайдың қара сөзінен Си Цзиньпиннің мысал келтіргенін алға тартқан  мемлекет басшысы «біз үшін әрине жанымызға жағады», – деп атап өтті. Сондай-ақ Н. Назарбаев жүрген жерінде Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің сөзінен мысал келтіріп отыратынын тілге тиек етті.

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Абайдың еңбектерімен жақсы таныс. Бұл туралы Елбасы Н. Назарбаев Қытайға жасаған мемлекеттік сапары барысында мәлімдеді. Си Цзиньпин біздің ұлы ойшылымыздың 37 қара сөзінен үзінді келтірді. Китайский лидер хорошо знаком с творчеством Абая. Он продемонстрировал это в ходе визита в КНР казахстанской делегации во главе с Президентом Н.Назарбаевым. Си Цзиньпинь процитировал 37 слово из Слов назиданий нашего выдающегося мыслителя.

Geplaatst door Телерадиокомплекс Президента Республики Казахстан op woensdag 13 juni 2018

Еске салсақ, өткен жұмада мемлекет басшысы Қытайға мемлекеттік сапармен барды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз