Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды

0
123
Photo: sputniknews.kz

Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта “ДАИШ” халықаралық террорлық ұйымына қатысты” деп айыпталған 14 адамның үстінен сот процесі басталды.

Сот залына 13 адам жеткізілді, арнайы емдеу мекемесіндегі тағы бірі сот процесіне емдеу орнынан қосылатыны хабарланды.

Сотқа тартылған 14 адам Қазақстанға Сириядан “Жусан” операциясы бойынша оралған. Қазақстан арнайы қызметі биыл, 2019 жылдың басынан бері бірнеше рет “Жусан” операциясын ұйымдастырып, Сириядағы ондаған Қазақстан азаматын алып келген. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.

17 қазанда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда “Ислам мемлекеті” террористік тобының құрамында болған” 14 адамды тергеу аяқталғанын хабарлаған. Оларға “террористік топ әрекетіне қатысты”, “терроризмді насихаттады” және өзге де ауыр қылмыстар бойынша айып тағылған.

ҰҚК-нің дерегінше, “өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп”, “Жусан” операциясы (Сириядан Қазақстан азаматтарын қайтару) аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылған. Олардың 400-ден астамы – балалар.

2018 жылы шілде айында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Азаттыққа Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Қазақстанның 800-ге жуық азаматы Таяу Шығысқа кеткенін хабарлаған.

“Жусан” операциясы

“Жусан” –  қазақстандықтарды Сириядағы ұрыс алаңдарынан қайтару мақсатында 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өткізілген арнайы операция.

Соңғы рет операция 28-31 мамыр аралығында өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отанына оралған балалар арнайы орталыққа орналастырылғанын мәлімдеді, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

ДАИШ – Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз