Содырлар Орталық Азияға ойысуда – Ресей Қорғаныс министрі

0
123
Сергей Шойгу - РФ Қорғаныс министрі/дереккөзден

ДАИШ* лаңкестік ұйымының содырлары Сирия мен Ирактағы құлдыраудан кейін Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азияға қарай ойысуда. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу сейсенбіде Бейжіңдегі ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) елдерінің қорғаныс министрлері отырысында мәлімдеді.

«Лаңкестер заманауи қару-жарақтарды, соның ішінде жою құралдарын, соққы беретін ұшу аппараттарын қолданады», – деп мәлімдеді С. Шойгу деп жазады РИА Новости.

Шойгудың сөзінше, Сирия содырлары қолданатын ұшқышсыз ұшу құралдары 100 шақырым қашықтықта әрекет ете алады. Дегенмен, аталған құралдарды дамыған елдердің көмегінсіз жасап шығару мүмкін емес. Мұндай жою құралдары халық көп орналасқан аймақта іске қосылатын болса, салдары апатты болмақ, дейді Ресей қорғаныс министрі.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз