Түркияда қазақстандық студент қыз өлі табылды

0
169
Елдана Қахарман. Сурет: CNN Turk 

Қазақстандық студент қыз Түркияда өлі табылды. Бұл туралы Түркия БАҚ-тарына сілтеме жасап Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Түркиялық БАҚ мәліметінше, қыздың денесін үйінен достары тапқан. Денесінде зорлық белгілері жоқ екені айтылады. Жергілікті полиция тергеу жұмыстарын бастады.

21 жастағы Елдана Қахарман Түркиядағы ЖОО-лардың бірінде оқыған.

“Дәл қазір біз білетін мәліметтер осы. Қазақстанның СІМ өкілдері әзірше оқиғаға қатысты пікір білдірмеді”, – делінген телеарнаның 29 наурызда жариялаған сюжетінде.

CNN Türk мәліметінше, қыздың есімі – Елдана Қахарман. Студент қыз Фырат университетінде оқыған, жекеменшік Kanal 23 телеарнасында журналист болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, ол YouTube хостингінде өзінің арнасын жүргізіп отырған.

Елдана Қахарман
Елдана Қахарман

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз