Түркістан облысында жоғалған жеті студент іздестіріліп жатыр

0
1,355
Photo: Төтенше жағдайлар министрлігі.

Түркістан облысының Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 студент іздестіріліп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

21 мамырда 7 турист “Сары Айғыр” шатқалына жаяу бет алады. Жоспар бойынша олар 24 мамырда қайту керек болған. Мүлде хабарсыз кеткен студенттердің жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамыр сағат 18:30-ден тарай бастады.

Жоғалған 6 студент Назарбаев университетінде оқиды.
Олар: А. Тоқтасын, А.Хайруллин, Н. Наурызбай, с. Өскенов, Б. Төлеуов және Д. Төлегенов. Ал біреуі мектепті жақында бітірген. Кентау “Білім-инновация” лицей-интернатын 17 жастағы түлегі Қ. Тоқтасын.

Н. Наурызбай
Д. Төлегенов

Өткен тәулікте іздестіру тобы 37 шақырымға жуық таулы аймақты және 4 шақырым радиуста екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы іздестіру жүргізгенімен еш нәтиже шықпаған.

Іздестіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінен 25 құтқарушы, 2 квадракоптер және 7 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, полиция департаментінен 4 қызметкер және 1 техника, жергілікті атқарушы органдардан 2 қызметкер мен 1 техника, ҰҚК шекара қызметінің 3 ат патрулі, ұлттық парктің 10 қызметкері мен жоғалғандардың туыстары іздестеріп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз