«Жақсы мәлімдедің, бірақ «самокритика» жоқ»

0
149

ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевтың жасаған мәлімдемесіне әзіл келтірді.

Үкімет басшысы Б. Сағынтаев негізгі мемлекеттік бағдарламалар бойынша және Қазақстан экономикасын дамыту туралы Үкіметтің жұмысы туралы баяндама жасады. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев халыққа жасалған соңғы жолдау аясында жүзеге асырылған міндеттер туралы Үкімет басшысына сауал қойды.

«Соңғы жолдау бойынша үкіметте жалпы ұлттық бағдарлама жасалды. Әр түрлі міндеттер бойынша әрбір министрге тапсырмалар міндеттелді, тапсырмалар жылдың соңына дейін орындалды», – деп жауап қайырды Б. Сағынтаев.

Б. Сағынтаевтың сөз соңында мемлекет басшысы «Жақсы мәлімдедің, бірақ “самокритика” жоқ », деп әзілдеді.

Еске салсақ, бүгін Үкіметте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген үкімет отырысы өтті.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз