Тоқаев: кінәлілер қатаң жазаланады

0
73

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

“Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады”, – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде. 

2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағы құлаған. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 100 адам – 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Биліктің хабарлауынша, апат салдарынан 7 адам қаза тапқан.  Ауылдағы екі қабатты үй қираған.

Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылған, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. Апат себебі анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз