Тоқаев Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды

0
334

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамырда Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты іс-шараға сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин, Сенат төрайымы Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев, мемлекеттік хатшы Марат Тәжин, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов, депутаттар мен шетелдік елшілер қатысты.

Салтанатты іс-шарада Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері құрметті орындарға отырып, оларға гүл шоқтары табыс етілді. Бір минут үнсіздіктен кейін ардагерлер де монументке гүл шоқтарын қойды.

Бұған дейін Қазақстан президенті отандастарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаған еді. Мемлекет басшысы бұл мейрамның әр қазақстандық үшін қымбат екенін атап өтті.

“Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді”, – деді Тоқаев.

 

Ydyrys-Belbaily Diar

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз