Туристер мінген “Союз МС-20” аппараты Жезқазған маңына қонды

0
420
"Союз МС-20" экипажында болған жапон турисі.

20 желтоқсанда таңертең жапонның екі турисі мен Ресей ғарышкері бар ғарыш аппараты қазақ жеріне қонды. Бұл жөнінде Ресейдің “Роскосмос” корпорациясы хабарлады.

Халықаралық ғарыш станциясынан үш сағат бұрын бөлініп шыққан “Союз МС-20” ғарыш кемесінің аппараты Жезқазған қаласынан 148 км қашыққа, қаланың оңтүстік-шығыс жағына қонған. Жерге Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркин мен Жапония туристері Юсаку Маэдзава және Йозо Хирано оралған.

Роскосмос хабарлауынша, жерге оралу операциясы жоспар бойынша жүрген, экипаждың көңіл күйі жақсы. Ауа райының қолайсыздығына байланысты экипаж тікұшақпен емес, эвакуацияға арналған мәшинелермен әкетіледі.

“Союз МС-20” экипажы Халықаралық ғарыш станциясында 12 күн болған. Маэдзава — Жапониядағы бай адамдардың бірі. Киім сататын Zozotown онлайн-дүкенінің және Contemporary Art Foundation қазіргі заманғы өнер қорының негізін салушы ретінде мәлім. Ал тағы бір турист Хирано Маэдзаваның қалай ұшып барып қайтқанын жариялау мәселесіне жауапты болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз