Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген суреттер

0
2,565

Kazaknews.kz ақпараттық агенттігі Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген тарихи суреттер мен бірқатар деректерді назарларыңызға ұсынады.

Бойды қорқыныш билеген алғашқы күн. 1942 жылдың 22 маусымы. Кеңес халқының соғыс басталғандығы туралы хабарды алғаш рет естіп, көше газеттерінен оқып тұрған сәті.

22 маусым Ленинград, мезгілсіз келген соғысқа аттанушылардың ереуілі

23 маусым, соғыстың екінші күні. СССР-дің өзге қалаларындағы зауыт жұмысшыларының ереуілі

Отан қорғауға аттанған алғашқы жауынгерлерді шығарып салу

Майданға аттанған орыс ұлтының медбикелері

Неміс әскерлері бір ғана Украйнада 334 ауылды халқымен қоса өртеп жіберген. Сонымен қоса, Корюковканың бүкіл аумағын 7000 тұрғынын бірге тірідей өртеген.

Неміс әскерлерінің КСРО жеріндегі алғашқы ауылды өртеген сәті

Ұлы Отан соғысына отан қорғаушы жауынгерлерге серік етіліп 60 мың ит майданға аттандырылды. СССР-дің 303 қаласын жау миналарынан тазартуда иттердің қосқан үлесі мол болды. Ұлы Отан соғысынан кейін Сталин «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаған жалғыз жануар, Жолбарыс атты ит соғыс жылдарында 7 мың мина мен 150 снарядты табуға көмек көрсеткен.

«Ерлігі үшін» медалімен марапаттаған Жолбарыс

 

Соғыстың аяқталғаны, Германияның, фашистердің тізе бүккендігі, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғандығы туралы хабарды алғаш рет КСРО жеріне радио арқылы таратқан әйгілі диктор Левитан

Левитан Гитлердің жоспары бойынша КСРО жерін басып алғаннан кейінгі ату жазасына кесілетін адамдар тізімінің ең алғашқысы болған. Дегенмен, Гитлердің асыға күткен арманы орындалмай, Левитанға жеңісті сәтті халыққа жариялау бақыты бұйырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз