Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз екі теміржолшыны басып кетті.
Жазатайым оқиға 21 қаңтарда сағат 7:27-де Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында болған.
Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқан, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.
«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді», – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.