Жастардың “100 үздік идеясы” жобасы іске асырылады

0
177
дереккөзден

“Ел-шежіре” қоғамдық қоры ҚР білім және ғылым министрлігі бастамасына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпыреспубликалық «100 идея» жобасы ұйымдастырылады.

Аталмыш жобаны іске асыру студент жастар арасында мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеологиялық платформасын таратуға бағытталған.

Жоба шеңберінде арнайы сайт пен әлеуметтік желі арқылы еліміздің барлық жастарының 100 үздік идеясы базасын жинақтауды қамтамасыз етпек. Бұл бастама негізінде «дөңгелек үстелдер», сараптамалық кездесулер, ашық дәрістер, көрмелер, форсайт-сессиялар, сондай-ақ «Студенттердің ең үздік 100 идеясы» республикалық конкурсын өткізу жоспарлануда.

«100 идея» жобасы жаңа көзқарастарды қалыптастыруға және уақыт талабына сай заманауи мәліметтер базасын құруға шақырады. Бұл мәліметтер базасы келешекте мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде жастар ұйымдарының іс-шаралар өткізу форматына ұсыным ретінде қолданылуы мүмкін, – деді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 5 қыркүйек күні мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерін талқылау туралы кеңейтілген сараптамалық отырысында сөз алған  «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Бұдан өзге шараға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» жетекші ғылыми қызметкері Ғ.Телебаев, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қабылданған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының менеджері Б.Атыбай, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті мемлекеттік тарих институты директорының орынбасары А.Қашқымбаев және басқа да сарапшылар, белгілі қоғам қайраткерлері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері мен студент жастары қатысты. Жиынды саясаттанушы, қоғам қайраткері Кенжеболат Жолдыбай жүргізді.

Аталған “100 идея” жобасына жиынға қатысқан Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері белсенді ат салысатындарын алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз