Жерар Депардье Түркия азаматтығын алмақ

0
92

Француз киножұлдызы Жерар Депардье Түркия азаматтығын алғысы келеді. Бұл туралы “Московский Комсомолец” (“МК”) басылымының түрік жаңалықтары қызметі хабарлайды.

Агенттік француыз актерының сөзін “Мен қазан айында Түркияға барып Ердоғанмен (Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған) азаматтық алу мәселесін сөйлеспекпін”, – деп келтірді.

Айта кетейік, Жерар Депардье 2012 жылы француз азаматтығынан бас тартып, сол жылы Белгия азаматтығын алған болатын. Жыл аяқталмай жатып Белгия азаматтығынан да бас тартқан Ол 2013 жылдың қаңтар айында Ресей азаматтығын алды.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Жерар Депардьеге жеке куәлігін өз қолымен табыстаған еді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз